Өскеменді түтін басып тұрғанына ертең үшінші күн

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында тағы да бірнеше күн бойы жел соқпай тұр.

Өскеменді түтін басқанына 12 күн: мектептер қашықтан оқуға көше ме
Фото: Нелли Нигматуллина

Қалада 27 наурыздан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Жел соқпағандықтан, көшелерді түтін басып тұр. Ертең де жағдайдың өзгермейтіндігі белгілі болды.

— 28 наурыз сағат 20.00-ден бастап 29 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, — делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде тұрғындарға үйден көпке шықпай, терезелерді ашпай отыруға кеңес берілді. Тамақты тұз қосылған сумен жиі шайған жөн. 

Айта кетейік, бұған дейін желсіз күндер ақпан айында жарты айға жуық уақытқа созылған болатын. Сол кезде мониторинг жүргізілгенде ауаға тараған бірқатар ластаушы зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Экология министрлігі киік атудан бас тартпақшы екендігін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар