22:09, 10 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Өскеменде 13 көшенің атауы өзгереді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Риддер қалаларындағы бірнеше көшенің атауы өзгертілмек.
Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында қаралды. Өскеменде идеологиялық тұрғыдан ескірген 13 көшенің атауы өзгертіледі. Атап айтқанда:
- Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
- Красин көшесі – Борис Александров көшесі;
- Өтепов көшесі – Оралхан Бөкей көшесі;
- Красногвардейская көшесі – Герольд Бельгер көшесі;
- Карл Либкнехт көшесі – Борис Керімбаев көшесі;
- Колхозная көшесі – Асқартау көшесі;
- Роза Люксембург көшесі – Арна көшесі;
- Совхозная көшесі – Өркен көшесі;
- Чапаев көшесі – Берел көшесі;
- Краснодонская көшесі –Арай көшесі;
- Краснофлотская көшесі – Мұзтау көшесі;
- Меновное кентіндегі Совхозный тұйық көшесі – Талас тұйық көшесі;
- М. Горький көшесі – Талаптан Ахметжан көшесі болып аталады;
Ал Риддер қаласындағы Үшінші тұрғын ауданы кварталы – Тәуелсіздік шағын ауданы болып қайта аталады. Бүгін тиісті қаулы қабылданды. Ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан полицейлер мен әскерилерге көше атауы берілуі мүмкіндігі хабарланған.