Өскеменде 1880 бір реттік вейпті заңсыз сатпақ болғандар анықталды

Өскемен қаласында жалпы бағасы 8 млн теңгеден асатын 1880 бір реттік вейпті заңсыз сатпақ болғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі 4 сауда орны мен дүкенге бір реттік электрондық сигареттер және осыған ұқсас өнімдерді заңсыз сатудың алдын алу үшін тексеру жүргізілді.

«Соның нәтижесінде, аталған темекі өнімдерін сәйкестендіру құралынсыз өткізу фактісі анықталды. Жалпы бағасы 8 млн 303 мың теңгеге бағаланған 1880 дана бір реттік вейп пен никотины бар сұйықтықтар тәркіленді. Осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабы 2-бөлігімен жауапкершілік көзделген. Бұл баптың санкциясында құқық бұзушылыққа қатысты тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Қажетті шаралар сот шешімі шыққан соң қабылданады», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Францияның электронды темекіге тыйым салатындығы

хабарланған.

Соңғы жаңалықтар