Өскеменде 19 жастағы жігіт суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында суға батқан жігіттің мәйітін сүңгуірлер алып шықты.

ШҚО-да жаз басталғалы алты адам суға батып кетті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қайғылы оқиға қала іргесіндегі саяжайлар аумағында болған. Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,19 жігіт суға батып кетті.

Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Сүңгуірлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, марқұмның денесін судан алып шықты.

- Оқиға саяжай алқаптары маңында, шомылуға арналмаған орында белгісіз мән-жайларда болды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алғаны хабарланған.