Өскеменде 30-ға жуық мектепке бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде осы аптадағы мектепке бомба қойылғаны туралы үшінші хабар да жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 ақпан күні түскі уақытта полицияға Өскемендегі жиырма алты мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

«Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу мектептерге келді. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді. Объектілерді қарап, тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бомба туралы жалған хабар берген адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бұл осы апта ішінде мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай. Ең бірінші 6 ақпанда Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабарланған. Алайда тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Сондай-ақ, кеше Өскеменде тағы да мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланған.

Тексеру нәтижесінде бомба жоқ болып шықты.


Соңғы жаңалықтар