Өскеменде 4 метрлік биіктіктен құлаған азамат тірі қалды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде тұрғындардың бірі үй құрылысы үшін қазылған төрт метрлік шұңқырға түсіп кетті.
None
None

ТЖ хабарлағандай, алкогольдің буына масайған азамат, қисалаңдап тұрған дуалға сүйеніп тұрады. Сол кезде дуал ауып кетіп, ер азамат шұңқырдан бір-ақ шыққан екен. Кейін белгілі болғандай, ол темір профтөсеніштен жасалған қоршау екен.

ТЖ департаментінен атап өткендей, қайғылы жағдайдың орын алмағанына шұңқыр түбінде құрылыс арматурасы мен темірбетон қадаларының болмағаны көп септігін тигізген. Құтқарушылар арқан-жіптер арқылы бейбақты шұңқыр түбінен алып шығып, дәрігерлердің қолына тапсырды. Қазір ол солардың бақылауында. Құтқарушылардың айтуынша, бұл секілді оқиғалар сирек болып тұрады.

Соңғы жаңалықтар