Өскеменде 5 қабатты үйден шыққан өрттен 6 адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — ТЖМ баспасөз қызметі Өскеменде 5 қабатты үйден шыққан өрттен 6 адам құтқарылғанын жазды.

Өрт құтқару
Фото: ТЖМ

Өскемен қаласы Гагарин бульвары көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерде өрт орын алған.

«ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялап, құтқару капюшоны көмегімен 6 адамды оның ішінде 3 баланы құтқарды», — деп жазды ведомстводан.

Белгілі болғандай жалын 20 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, өрт орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз.

Соңғы жаңалықтар