Өскеменде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында электр энергиясының апатты түрде өшуі салдарынан 4800 абонент жарықсыз қалды. 

Өскеменде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Жібек маталар комбинаты ықшамауданында электр қуатындағы іркілістер шамамен сағат 16:00-ден кейін басталған. Қазіргі уақытта тұтынушыларды қайта қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Энергетиктердің мәліметінше, апатты өшіру сол жағалаудағы бірнеше аумақты қамтыған. Атап айтқанда, 19-шағынаудан, Нұрлыжол шағынауданы және Молдағұлов көшесі жарықсыз қалған. Оқиғаның себептерін анықтау үшін сол жерге арнайы бригада жіберілді.

– 12 сәуір күні қаланың сол жағалауындағы бірқатар ауданда электр энергиясы апатты түрде өшірілді. Соның салдарынан 4800 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта тұтынушыларды қайта қосу жұмыстары жүргізілуде. Себептерін анықтап, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін бригада жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады «БЭСК» АҚ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО тұрғындары электр жарығы жиі өшетініне шағымданғаны жайлы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар