Өскеменде 7 үйдің ауласын су басты (ФОТО)

«Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ ҚМК арнайы техника көмегімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі сәтте жағдай тұрақты. Бұдан басқа су басқан жағдайлар тіркелген жоқ, деп хабарлады ТЖД.
ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген қызметке ауыстырылды, осал қауіпті учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, Ертіс өзеніндегі су деңгейі бақылауға алынды. Ол жерге посттар қойылып, жауапты тұлғалар кезекшілік етеді.
Дағдарыс орталығында «жедел» желі телефоны жұмыс істейді. Оған су басу аймағында қалған адамдар қоңырау шалады. Олармен кәсіби психологтар жұмыс істейді. Тәулік ішінде 1 қоңырау түсті.
Құтқарушылар күнделікті халықты аралап, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жргізуде. Азаматтарға қауіп төнген жағдайда, өздерін қалай ұстау қажеттігі түсіндіріліп, жадынама таратылды. Глубоковский, Ұлан, Шемонаиха аудандары ерекше бақылауда.