Өскеменде Абай мен Пушкинге ескерткіштер ашылды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскемендегі Республика алаңында ҚР Конституция күні қарсаңында қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына ескерткіштің салтанатты ашылуы болды, оған ақынның ұрпақтары да қатысты, Абайдың бес ұрпағының арасында шөбересі Күлзипа Ысрайылова да бар.
None
None

Бұдан бірнеше минуттар бұрын оған қатысушылар Александр Сергеевич Пушкинге оның есімімен аталатын облыстық кітапхана ғимаратының алдында ескерткіш мүсіні ашылуына да қатысқан болатын.

Осы елеулі мәдени оқиғаға орай Өскеменге келген құрметті қонақтардың арасында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің аға кеңесшісі Сергей Аненков, Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның көрнекті әдебиет қайраткерлері болды.

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев салтанатта сөйлеген сөзінде өз халқының осы екі ұлы ұлдарының есімдері ғасырлар бойы бір-бірімен байланысты екенін атап өтті. Ұлы Пушкин Қазақстанда (Оралда) болды, онда жинаған материалдарын «Капитан қызы» повесіне пайдаланды. Ол қазақтың «Қозы-Көрпеш және Баян сұлу» эпосымен танысты. Ал Абай болса, «Евегий Онегинді» қазақ тіліне аударды, Татьяна Ларинаның Онегинге хатын музыкаға түсірді.

Жазушы Мұрат Әуезовтің айтуынша, бүгін Өскеменде екі үлкен оқиға болды - екі халықтың рухани данышпандары бас қосты.

Соңғы жаңалықтар