Өскеменде адам өліміне әкелген жол апатын жасаған шекара заставасы бастығының орынбасары сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде адам өліміне әкелген жол апатын жасаған шекара заставасы бастығының орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінен.
None
None

«Өскемен гарнизонының әскери сотымен көшпелі сот отырысында, 2034 әскери бөлім ғимаратында, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көрсетілген (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмысты жасағаны үшін айыпталған ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасы «2041 әскери бөлім» ММ-нің «Қақпақ» шекара заставасы бастығының орынбасары лейтенант Ж.Р.Мұқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Сотталушы Ж.Р.Мұқаев жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзғанының салдарынан, абайсызда бір адам оқиға орнында қайтыс болып, бір адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сот үкімімен Ж.Р.Мұқаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, осы бап бойынша 9 (тоғыз) ай бас бостандығынан айырылып, жазасын колония-қонысында өтеуге жіберіліп, белгілі бір лауазымдарды мемлекеттік қызметте атқару құқығынан 3 (үш) жылға айырылды.

Сотталған Ж.Р.Мұқаев сот залынан қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар