12:16, 23 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Өскеменде адам өліміне ұшыратқан жол апаты болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Таңертең Өскемендегі Защита ауданы маңында жол апат болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ҮМЗ маңындағы көпірден түсе берісте екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Дәл осы жерде жылдамдықты шектейтін жол белгісі орнатылған.
Екі көліктің де сау тамтығы қалмаған, куәгерлер адам өлімі болғандығын жеткізді.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Тексеріс талаптары аясында, әзірге нақты ақпарат таратылған жоқ. Белгілі болғаны, қылмыстық іс қозғалып жатыр. Оқиғаға кінәлі адамның аты аталған жоқ.