Өскеменде әлеуметтік нанның бағасы қымбаттамайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 95 теңгеден сатылып жатқан әлеуметтік нанның бағасы қымбаттамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта шаһар бойынша әлеуметтік нан пісіруге арналған 1-сортты 100 тоннадан астам ұн қоры бар.

«Әлеуметтік нанның бағасы 95 теңгеден қымбаттамайды. Әкімдік пен ірі наубайханалар арасында бағаны өсірмеуге мүмкіндік беретін меморандум әзірленуде. Меморандумға қол қойылғаннан кейін наубайханалар ұнды белгіленген бағамен сатып алады», - делінген ақпаратта.

Азаматтар бағаның негізсіз көтерілуіне куә болған жағдайда кәсіпкерлік бөліміне хабар беруі қажет. Ол үшін тауарды сатып алғаныңыз туралы түбіртек немесе бағаның қымбаттығын дәлелдейтін фотосурет болуы шарт. Сол кезде мамандар тиісті шара қолданады.

«Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15 пайыздан астам үстеме ақы қосылса кәсіпкерге бірінші ретте ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде тағы қайталанса айыппұл салынады. Шағын бизнес өкіліне – 10 АЕК, орташаға – 75 АЕК, ірі кәсіпкерге – 300 АЕК мөлшерінде», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемендегі 3 мың дүкеннің тек 30-ында ғана баға бақыланғаны хабарланған .

Соңғы жаңалықтар