Өскеменде алимент борышкерлері жұмыспен қамтылды

ӨСКЕМЕН.ҚазАқпарат - Өскемен прокуратурасы алимент бойынша берешегі бар азаматтар үшін бос қызмет орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскеменде алимент борышкерлері жұмыспен қамтылды

Жәрмеңкеге қаланың 37 кәсіпорыны ұсынған бос орындар тізіміне электр-газбен дәнекерлеуші, бетоншы, сылақшы, құрылысшы, сондай-ақ қызмет көрсету саласы, экономика және бухгалтерлік есеп мамандықтары кірген.

Бос қызмет орындары жәрмеңкесінің нәтижесінде 30-ға жуық жұмыссыз азамат жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болды.

Жұмыс жәрмеңкесі «Алимент төле!» акциясының аясында «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мен кәсіпкерлердің жәрдем көрсетуімен өткізілді.

Шараға тек алимент борышкерлері ғана емес, жұмыс іздеп жүрген басқа да қалалықтар қатысты.