Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошерудің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысып жатыр. Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған. 

Айта кетелік Өскемен тұрғындары әлі де ауаның ластығына шағымданып жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар