Өскеменде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемі нормадан асып кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында ауа сапасына мониторинг жүргізілді.

8 қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay.com

ШҚО Экология департаментінің мамандары Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында ауа сапасын тексерді.

- Зерттеулер сертификатталған жабдықтармен жүргізілді. Аспаптық өлшеулердің нәтижелері бойынша көміртегі тотығы мен күкірт диоксидінің рұқсат етілген шектен аз мөлшерде асып кеткені анықталды. Ал басқа ластаушы заттардың нормадан асуы тіркелген жоқ, - делінген ақпаратта.

Енді ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемін нақты қай кәсіпорынның нормадан асырып жібергенін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінен кейін кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру басталып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменді түтін басып тұрғанына алты күн болғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар