18:16, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Өскеменде ауыл жастарының «Жастар - ауылға!» республикалық слеті өтеді
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменге ертең, қыркүйектің 21-інде басталатын ауыл жастарының «Жастар - ауылға!» республикалық слетінің қатысушылары келуде.

Қыркүйектің 21-інде таңертең, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған ауыл жастары форум өткізілетін Шемонаиха ауданына жүріп кетеді. Оның қатысушылары ауданның шаруа қожалықтарымен, Шемонаиха тау-кен металлургия саласының кәсіпорындарымен танысып, көрме, мұражай мен ауданның көрікті жерлерін аралап көреді. Сондай-ақ, осы Шемонаиха ауданында жастарды ауылда тұрақтандыру, осы бағытта туындап жатқан проблемаларға арналған семинарлар өткізіледі. Ауыл жастарының республикалық слетінің үшінші күніне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысады деп күтілуде.