20:41, 02 Мамыр 2023 | GMT +5
Өскеменде автобус жер үйге соғылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Мирный кентіндегі Мостовая көшесінде болған.
«Жүргізуші автобусты мас күйде тізгіндеген. Соның салдарынан рульді басқара алмай қалып, жер үйге соғылды. Жол апаты салдарынан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.
«Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.