Өскеменде автобустарға камера орнатылмақ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында автобустардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылады.

автобус
Фото: freepik

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Бірнеше автобусқа камера орнатылып қойды. Бұл камералар Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығының жүйесімен біріктірілмек. 

Осылайша, ұрлық, төбелес сынды қылмыс жасалған жағдайда полицейлер бірден камералардың жазбасына қарай алады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «ONAY» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатында мәлім етті. 

— Камералар қаладағы автобустарға орнатылады. Осылайша, тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға жедел ден қойып, қоғамдық көліктегі қауіпсіздік деңгейі артады, — деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде жұмыс уақытының бір сағатқа кері шегерілуі қоғамдық көліктердің жүру кестесіне өзгеріс әкелмейтіндігін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар