08:13, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Өскеменде әйел газ иісінен уланып қалды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамының 17 адамы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 70 шартшы метрге жайылды.
Өрт салдарынан 43 жасар әйел иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.