Өскеменде балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. 

Өскеменде балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Қалада жаңа әлеуметтік бастама жүзеге асырылмақ.

— Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл ұсынысты шаһар әкімі Алмат Ақышов көтерді. Ондағы мақсат — бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау және оқушылар мен студенттер үшін қолайлы жағдай жасау, — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтіп жатыр.

Тегін жүру мүмкіндігі баланың жасын растайтын құжатты көрсету арқылы қолжетімді болады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 1 маусым күні балаларға метро тегін болатындығы хабарланған

Соңғы жаңалықтар