Өскеменде балалардың алғашқы қысқы олимпиадасы басталды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына орайластырылған балалардың алғашқы қысқы олимпиадасы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олимпиада бағдарламасына тау шаңғысы, фристайл, коньки тебу, хоккей, сноуборд сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар кіріп отыр. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың спорттық турниріне қаладағы 46 мектептің оқушылары қатысады, олардың нақты саны спортшылар тіркелгеннен және төрешілер алқасының мәжілісінен кейін мәлім болады. Балалар екі жас санаты бойынша: 1991-1992 жылдары туғандар мен одан кіші жастағылар, 1995-1996 жылдары туғандар мен одан кіші жастағылар болып өнер көрсетеді. Барлық шаңғы жарыстары Новая Согра кентінің төңірегінде, жарыстың қалған түрлері қаладағы «Алтай» стадионында өтеді.
Соңғы жаңалықтар