Өскеменде бейнебақылау камераларының арқасында 5 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ағымдағы жылдың басынан Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен 5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың қатарында ұсақ бұзақылық, жолда жүру ережесін бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, қала көшелерін ластау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар.
None
None

Бейнекамералар арқылы 72 қылмыстың беті ашылды: 58 бұзақылық, 4 тонау, 1 ұрлық және өзге де құқықбұзушылықтар.

Мәселен, 16 шілдеде, түнгі сағат 3-те Крылов көшесінің бойында екі адам «Ваз 2106» көлігін айдап әкетпек болған. Бейнебақылау камералары жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне қылмысты жасамақ болған 21 жастағы қала тұрғындарын ұстауға көмектесті. Көлікті айдап әкетпек болғаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық ІІД.

Соңғы жаңалықтар