Өскеменде дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті

Өскемен қаласында дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Kazinform.

кісі өлімі
Фото: Kazinform

Оқиға қаладағы Лихарев көшесінде болған. Дәмхана алдында ер адамдар ерегесіп қалды.

Сол кезде өткір затпен жараланған 25 жастағы жігіт сол жерде көз жұмған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство дерегінше, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректерi жария етілмейді.

 

Соңғы жаңалықтар