Өскеменде дәмхана жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен өрт сөндірушілері кеше кешке қалалық дәмханалардың бірінде тұтанған өртті ауыздықтады. Бұл туралы ШҚО ТЖД ресми сайтында хабарланды.
None
None

Оқиға орнында жеке құрамнан 14 бірлік техника, 58 адам жұмыс істеуде. Өрт сөндірушілер келгенше адамдар үй-жайдан шығып үлгерген. Оқиға орнында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар ықзметі» зертхана және тергеу қызметкерлері жұмыс істеуде.

Алдын ала нұсқа бойынша 3 нұсқа пысықталуда: электр жабдығының апатты режімі, электр жабдықтарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отты абайсыз қолдану. Жалын алаңы шамамен 140 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар