Өскеменде екі баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі 3 күннен бері табылмай жатыр
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында беймәлім көлік жүргізушісі 2 баланы қағып, сол жерден қашып кеткен.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні Назарбаев даңғылында болған.
- «Береке» сауда үйінің жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде белгісіз көлік кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан бірден із суытқан. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтау және көлікті іздестіру үшін тиісті шараларды қолға алған. Осы ретте, олар оқиға куәгерлері болса 102 арнасына хабарласуларын сұрайды.
Еске салсақ, осыған дейін Рудныйда жол апатынан соң, автобус жүргізушісі өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған.