04:27, 10 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Рудныйда жол апатынан соң, автобус жүргізушісі өз-өзіне қол жұмсады
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

– Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. 7 желтоқсанда пәтерден 62 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасын жасаған. Марқұм өзін-өзі асу арқылы өлтірді деген болжам бар, - дейді құқық қорғау органдары.
Оқиға автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.
Айта кетейік, Алматы облысында биыл жол апатынан 47 адам көз жұмды.