Өскеменде екі күннің ішінде қаладан 190 мың текше метрден астам қар шығарылды - бұл 2012 жылдың қысымен салыстырғанда екі есе артық

ӨСКЕМЕН. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызметтер Өскеменнің көшелерінен екі күннің ішінде 190 мың текше метрден астам қар шығарды.
None
None

Ал өткен жылдың бүкіл қысқы мезгілінің ішінде қаладан шамамен 90 мың текше метр қар шығарылған болатын. Бұл сандарды өзінің қорытынды есеп беру кездесуінің барысында Өскемен әкімі Серік Тәукебаев айтты.

Қала басшысы әкімдік қаланың тасқын су ағатын арнасының жаңартылған жалпы кестесін дайындап отырғанын хабарлады - бірқатар проблемалық шағынаудандарда су ағатын кәрізді жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалады. Бұдан басқа,ол қалаға бюджеттен «шаруашылық проблемаларды» жоюға 380 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. «Көктемде бәрін көріп, қыстан кейін қай жерде, нені қалпына келтіру керектігін қараймыз», - деп атап өтті С.Тәукебаев.

Соңғы жаңалықтар