Өскеменде екі мектеп біріктірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының білім беру жүйесінде құрылымдық өзгерістер орын алды.
None
None

Қалалық білім беру саласының басшысы Александр Кузнецовтың ақпаратына қарағанда, өзгеріс №40 мектеп пен А.Гумбольд атындағы №12 мектеп-гимназиясына қатысты болып отыр.

Екі мектептің балалары мен педагогикалық ұжымы №40 мектептің ғимаратына топтастырылды (бұл мектептің нөмірі жойылды) және енді шетел тілдері тереңдетіліп оқытылатын №12 мамандандырылған мектепке айналды.

Ал бұрынғы №12 гимназияның ғимараты неміс, ағылшын, француз тілдері үйретілетін 420 орындық балабақшаға берілді.

Соңғы жаңалықтар