Өскеменде екінші күн қатарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспақ. 

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

Өскеменді қайтадан түтін тұмшалап барады. Себебі кешелі бері жел соқпай тұр. «Қазгидромед» РМК ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын жария етті. 

— Бүгін сағат 20.00-ден бастап 6 желтоқсан 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәреже туралы ескерту жарияланды, — делінген хабарламада. 

Осы ретте, тұрғындарға ҚМЖ кезінде далада ұзақ жүрмей, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жауып отыруға кеңес берілді. Сондай-ақ қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішіп, ас содасының ерітіндісімен тамақты жиі шаю қажет.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде экология саласына бөлінетін қаражат көлемі өсетіндігі хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар