Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Өз елім» атты республикалық фестиваль өтеді

деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Өз елім» атты республикалық фестивальдің өзектілігі Қазақ халқының ән-жыры, мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отыруымен айқындалады. Сондай-ақ, бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі - жергілікті халықтың төл мәдениетін жақсы білетін, осында тұратын әр-ұлт өкілдерінің қазақтың өнерін сүйетін, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің атап өтуінше, мемлекеттің осы тұрғыдағы міндеті - елімізде өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық рухта, қазақ халқының төл мәдениетіне деген сүйіспеншілік рухта тәрбиелеу.
Фестиваль Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері арқылы қазақ ұлтының тілін, мәдениеті мен өнерінің құрметін арттыруға арналған.