Өскеменде ер адам 12 метрлік биіктіктен құлап кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмыстары» ММ арнайы маманданған жасағының құтқарушылары желдету шахтасынан 12 метрлік биіктіктен құлаған 49 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Оқыс оқиға бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласы Сәтпаев көшесі, 82/4 мекенжайында болған.

Жұмысшылар бригадасы шатырда жөндеу жұмыстарын жүргізген. Зардап шегушіге қосымша құралдар қажет болып, жолы қысқартуды ұйғарған. Көше жақтан ғимараттар арасындағы жабынға келген ер адам ені 1 метр, ұзындығы 5 метр болатын саңылауды байқамаған. Аяғын шалыс басып, 12 метрлік биіктен құлап түскен. Көмек туралы қоңырау түсіп, құтқарушылар оқиға орына шапшаң жетті. Зардап шегушіні бір ғана жолмен - арқанмен көтеріп алу  ғана мүмкін еді.

«Біз екі жерден ілмек жасап, арқан ілдік. 2 құтқарушы төменге түсті. Ер адам өзінің тірі екенін білдірді, сұрақтарымызға жауап берді. Оны қатты зембілге салып, жоғарыға көтердік және жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстадық», - деді арнайы маманданған жасақтың инженер-құтқарушысы Әлібек Төкенов.

Сырттай тексергенде зардап шегушінің аяқ-қолдарының ашық сынығы байқалды. Нақты тұжырымды дәрігерлер береді.

Өз кезегінде ШҚО ТЖД азаматтарға аса мұқият болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. 

Соңғы жаңалықтар