Өскеменде ертең тағы да қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында 7 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.
Қалада бүгін жел соқпай тұрғанына үшінші күн болды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайдан көшелерді түтін тұмшалап алған. Ертең де Өскеменде жел соқпайтыны хабарланды.
- Қала бойынша 6 желтоқсан сағат 20.00-ден 7 желтоқсан 20.00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.
Айта кетейік, тұрғындар қараша айынан бері ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне шағымданып келеді. Соған орай қалада «Өскемен тынысы» экологиялық бюросын құрылған.
Бұған дейін сол бюроның алдағы жоспарлары қандай екендігін жазған болатынбыз.