Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпірдің ескі бөлігі құлады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпірдің ескі бөлігі құлап қалды. Жөндеу жұмысы барысында тіректі монтаждау уақытында көпір аралығының конструкциясы сол жаққа қарай қисайып, салдарынан көпір құлады. Плита тігінен түсіп, 4 жұмыскер төмен сырғанап кетті. Бір адам аяғын зақымдаса, екеуі жоғарыда ілініп қалған.

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпірдің ескі бөлігі құлады

ШҚО ТЖД құтқарушылары жедел көмек көрсетіп, жоғарыда қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлады ТЖД сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null 

Оқиға орнында авариялық құтқару жасағы, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» құтқарушылары жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар арқанның көмегімен 2 ер адамға жерге түсуіне көмектесті. «Апат медицина орталығының» дәрігерлері алты адамды да қарап шықты.

Облыстық прокуратура жедел тексеру тағайындады, егжей-тегжейі кейін хабарланады.

nullnull