Өскеменде Ертіс өзенінің жағасында тұрып селфи жасамақ болған жасөспірім суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Ертіс өзенінің жағасында тұрып селфи жасамақ болған жасөспірім суға батып кетті. Оқыс оқиға 5 шілде күні кешке болған.
None
None

17 жастағы бозбала өзен жағалауындағы қоршауға шығып алып, селфи жасамақ болған. Кенет ол құлап кетіп, суға кеткен, деп жазады YK-news.kz.

Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының (ШӨАЖҚЖ) өкілдері әзірше тек су бетінде іздеу жұмыстарын жүргізе алатындығын жеткізген. Мұндай ағыс қатты кезде сүңгуге тыйым салынған. 

Соңғы жаңалықтар