Өскеменде Ертіс суы түсінің өзгеруіне байланысты тексеру басталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Ертіс суы түсінің өзгеруіне байланысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Өскемендегі Ертіс суы түсінің өзгергені жайлы түсірілген видео таратады. Видео авторы Ғашықтар аллеясы тұсындағы Ертіс арнасы суының ағарып кеткенін көрсетіп, одан жағымсыз иіс шығып тұрғанын айтады.

Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаментіне хабарласып көрді.

«Аталған факті бойынша департамент мамандары сол жерге барып, судан сынама алды. Қазіргі уақытта сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Судың түсі неден өзгеріп кеткені сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Ольга Ельчинская.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да экологтар тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасын тексергенін хабарлаған едік.




Соңғы жаңалықтар