Өскеменде «Естелік» марафоны өтуде

ӨСКЕМЕН. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына орай Өскеменде «Ескерткіш» марафоны өтуде.
None
None

Оған қатысушылар соғыста қаза болған өскемендік жауынгер-ауғандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл қою рәсіміне мыңдаған тұрғын, ауған соғысының ардагерлері, қаза болғандардың туыстары, қоғамдық бірлестіктердің және саяси партиялардың басшылары, әскери қызметкерлер қатысты.

Айта кетейік, кеше кешқұрым өткен қала әкімі Серік Тәукебаевтың қорытынды есептік кездесуінде қала басшысы ауған қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Олег Фроловқа қаза болған 87 шығысқазақстандық жауынгер-интернационалист жөнінде Естелік кітабын жарыққа шығаруға көмектесуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар