Өскеменде есу арнасы салынады

ӨСКЕМЕН. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Өскеменде Самар тас жолы ауданында есу арнасын салу жөніндегі меморандумға қол қойылды.
None
None

Құжатқа қала әкімі Серік Тәукебаев, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ директоры Серік Толықпаев және «Айтас МП» ЖШС директоры Людмила Чубик қол қойды.

Кәсіпкерлер есу арнасын 2014 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Осы арқылы академиялық есу, байдаркада ескек есу спорт түрлерін насихаттауға үмітті.

«Ұзындығы 4150 м болатын есу каналы спорттық нысан ретінде пайдаланылады. Канал өз бастауын Ертіс өзенінен алатын болады», - деп атап өтті қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар