Өскеменде халықаралық семинарда жаһандану мәселесі мен оның мәдени мұраға әсері талқыланды

None
None
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде «Рухани мәдениет және геосаясат» деген тақырып бойынша халықаралық семинар өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түрколог-ғалым Ораз Сапашев Алтайды Еуразияның рухани мәдениетін зерттеудегі тораптық өңір ретіндегі рөлі туралы әңгімеледі. Қытай, Ресей, Моңғолия және Қазақстан елдерінің трансшекаралық аумақтарын байланыстырып отырған Алтай көптеген халықтың арғы отаны болып табылады, тіпті американдық үндістер де өз тектерін осы өңірден іздестіруде. Ғалымның пікірінше, бүгінгі заманда тек мәдени кеңістікте ғана шекара жоқ. Семинар жұмысына қатысқан Ресейдің Ғылым академиясы Тарих институтының ғалымдары Евгений Водичев пен Наталья Аблажей Алтай мен Сібірдің мәдени әлеуеттерінің өзгеруі жайлы айтып өтті. Канаданың Торонто университетінің ғалымы саяси ғылымдардың докторы Эдвард Шатц семинарға қатысушыларды батыс ғылыми бағыттарындағы Қазақстан туралы саяси зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар