Өскеменде ипотекалық несиелеу мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Әлемдік қаржы және экономика дағдарысының келеңсіз ықпалына қарамастан Қазақстанда бірқатар дағдарысқа қарсы үкіметтік шаралар қолға алынып, тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру одан әрі жалғасатын болады.
None
None
Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскеменде мемлекеттік бағдарламаға кіретін ипотекалық несиелеу бойынша тұрғын үй құрылысы одан әрі жалғасын табатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде қалада 2008 жылда басталған төрт құрылыс нысанын биылғы жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ тағы да алты жаңа нысанның құрылысы жалғасады. Алғашқы тоқсанда 14-ші шағынаудандағы 80 пәтерлік тұрғын үйдің және Металлург кентінде 4 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады. Аблакетка кентінде үйді күрделі жөндеу және оның инженерлік коммуникацияларын жаңарту жұмыстары шешімін табады. Биылғы жылға жоспарланған алты жаңа нысанның ішінде шағынотбасылық жатақхана, сол жағалаудағы тұтас құйылған тұрғын үй, 16-шы шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үй, Ульянов көшесіндегі үйді жаңарту және олардың инженерлік коммуникациясын жаңғырту жұмыстары бар. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қалада 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл мұның алдындағы жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,3 есе артық.
Соңғы жаңалықтар