Өскеменде қатты жел көптеген ғимараттарды зақымдады

Жедел кезекші қызметкер мен коммуналдық қызмет өкілдері қаланы аралап, факті жинап жатқанын хабарлады. ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес 112 және 101 желісі бойынша Өскемен, ШҚО аудандары тұрғындарынан 100 қоңырау түскен.
Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тәуелсіздік даңғылындағы шағын аудан ішінара суық судан ажыратылған. Жедел қызметкердің айтуынша, электр желілері үзілгендіктен, суық су айдайтын қондырғы істен шыққан.
Осы уақытта коммуналдық қызмет өкілдері табиғат апатының салдарын жоюмен айналысуда. Сонымен қатар, бір сағат бұрын әлеуметтік желілерде желдің салдарынан тергеу оқшаулағышы ғимаратының шатыры жұлынып кеткені туралы ақпарат тарады. Бірқатар қалалықтар ағаш, жарнама баннерлері құлағанын айтып хабарласуда.
Қазақстан көшесіндегі әкімшілік ғимаратының шатыры құлаған. Тұрақта тұрған ондаған көлік зардап шеккен. Өскеменнің 22 тұрғын ауданында дауыл мемқызметшілерге салынған үйлердің бірінің шатырын зақымдаған. Қарбышев көшесінде су мен электр қуатын беру тоқтатылды, Тәуелсіздік даңғылында бағдаршам жұмыс істемей қалғаны жайлы да хабарлама пайда болды.