Өскеменде қазақстандық-ресей форумының негізгі қорытындылары шығарылды

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -Жақында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар және БАҚ жетекшілерімен бірге Қазақстан мен Ресей Елбасыларының қатысуымен Өскеменде өткен VII аймақаралық ынтымақтастық форумының негізгі қорытындылары сөз болған кеңес өткізді.
None
None

Облыс әкімі жиналған қауымның барлығына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін айтқан алғыс сөздерін жеткізді. Әкім бұл форум Шығыс Қазақстан үшін тарихи оқиға болып табылатындығын атап өтті. Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары, 16 Ресей губернаторлары, Қазақстанның 10 облыс әкімі, екі елдің үкімет мүшелері мен 120 кәсіпорын жетекшілері қатысты. Қол қойылған 33 құжат форумның негізгі қорытындысына айналды. Шығыс Қазақстан ресейлік тараппен ынтымақтастық туралы үш келісімге қол қойды.

«Үшінші тоқсанның аяқталуына аз ғана уақыт қалды, біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары былтырғы жылдан кем болмайтындай жұмыс істеу керекпіз. Инфляцияның өсуін тоқтату мен егін науқанына ерекше назар бөлінуі керек. Биылғы жылғы егін науқанының көрсеткіші бір гектар аумақтан 12 цетнерден кем болмауы тиісті», - деді әкім.


Аймақ Бородулихин, Зырян, Глубокое, Шемонайха мен Бесқарағай аудандарынан астық мол жиналады деп үміттеніп отыр. Кеңес аяқталған соң облыс әкімі Қазақстан мен Ресейдің VII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысында нәтижелі жұмыс істеген облыстағы бірқатар кәсіпорындардың жетекшілеріне алғыс хаттарын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар