12:57, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Өскеменде кезектен тыс өтетін ҚР президенті сайлауының дайындық жұмыстары басталды
ӨСКЕМЕН. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде кезектен тыс өтетін ҚР президенті сайлауының дайындық жұмыстары басталды.
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының бабына сәйкес ел бойынша сайлау учаскелері құрылып, олардың аумақтық шекаралары анықталады. Өскемен қаласы 119 сайлау учаскесіне бөлінді, бүгін жергілікті БАҚ сайлау учаскелерін құру жөніндегі ақпарат таратты, ақпаратта сайлау кеңселері мен оларға қарасты қаланың шағынаудандары көрсетілген.