Өскеменде қыс басталғалы көктайғақтан 600-ден астам адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы медициналық мекемелерге көктайғақтан зардап шеккен адамдар күн сайын түсіп жатыр.  

погода, снег, ауа райы, дождь, потепление, қар, жанбыр, гололед, снег расстаял
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

№ 4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне 1 желтоқсаннан бері 1030 адам түскен. Оның ішіндегі 638 азамат көшеде көктайғақтан құлап жарақат алғанын айтқан. Ал Ана мен бала орталығына көктайғақтан зардап шеккен 34 бала қаралды.

- Күн сайын медициналық мекемелерге көктайғақтан зардап шеккен адамдар түседі. Дәрігерлер оларға тиісті ем тағайындап, көмек көрсетіп жатыр. Тұрғындарды көктайғақ кезінде барынша абай болуға шақырамыз. Егер құлап, жарақат алып қалған жағдайда бірден медицина қызметкерлеріне қаралу керек. Әйтпесе жарақат асқынып кетуі мүмкін. Ересектер Серікбаев көшесі, 1 мекенжайындағы № 4 қалалық ауруханаға, ал балалар Қазыбек би даңғылындағы Ана мен бала орталығына қарала алады, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ халыққа тайғақ емес аяқ киім киюге кеңес берілді.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкінін түсіруге байланысты жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар