Өскеменде қоқыстан табылған нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында қоқыстан шақалақтың денесі табылған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өскеменде қоқыстан табылған нәрестеге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңа туған нәрестенің денесін куәгерлер 23 ақпан күні қоқыстың арасынан көріп, полицияға хабар берген.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

— Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған нәрестенің анасы табылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, анасы баласын қоқысқа өзі тастаған. 

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да былтыр 5 мың нәресте туып, 6 мың адам қайтыс болғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар