Өскеменде көктайғақтан бір күнде 40-қа жуық адам зардап шекті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы аурухананың травматология бөліміне бір күнде 87 адам жүгінді. Оның ішінде 38-і көктайғақта құлап, жарақат алған. 

Гололед Мұз зима қыс
Фото: Kazinform

Қала тұрғындары тайғақ көшелерде құлап, қол-аяғы көгеріп немесе сынып дәрігерлерге қаралған. Бұған бір күн бұрын қар еріп, күн суытқандықтан жердің көктайғақ болуы себеп болып отыр.

- Халықты осындай кездерде мейлінше сақ болуға шақырамыз. Табаны бұдыр аяқ-киім киіп жүріңіздер. Өкшесі бар аяқ киімнен бас тартыңыздар. Бұл жарақат алудың алдын алады. Апталап ауруханада жатқаннан гөрі сақтық шараларын сақтап жүрген дұрыс, - дейді Өскемен қалалық №4 аурухананың бас дәрігері Сергей Попов.

Қазір облыста ауа райы құбылмалы болып тұр. Сондықтан дәрігерлер көшеде жүгіріп жүрмеуге, барынша абай болуға шақырды.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласында экология жағдайын жақсарту үшін арнайы ұйым құрылатындығы хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар