Өскеменде көлік ағашқа соғылып, 1 адам көз жұмды

Алматы
Фото: Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында көлік ағашқа соғылып, 1 адам көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы қаладағы Бажов көшесінде болған.

«Subaru автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соның салдарынан көлік ішінде отырған жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала дерек бойынша жол апатына жүргізушінің көлік тізгініне ие бола алмай қалуы себеп болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында есірткі қабылдап алған адамның көшеде көлік айдағаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар