Өскеменде көлік жуушы бөгде адамның көлігін ағашқа соғып, 2 млн теңге шығын келтірген

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде көлігі соғылып қалған әйел автожуу иесін сотқа беріп, жеңіп шықты. 

Көлік жуу
Фото: Pixabay.com

ШҚО сотының мәліметіне сүйенсек, әйел адам 2022 жылы шыққан Kia Seltos көлігін автокөлік жуу орнына қалдырып, өзі кетіп қалған. Сол кезде көлікті жуу боксына кіргізбек болған автожуу жұмысшысы абайсызда ағашқа соғылып қалған. Осының салдарынан көлік иесіне 2 млн теңгеге жуық материалдық шығып келтірілді.

Полицейлер жұмысшыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

— Әйел адам материалдық шығынды өтеу үшін көлік жуу иесін сотқа берді. Сот барысында кәсіпкер шығынды көлікті зақымдаған адам төлеуі тиістігін айтты. Десе де сот жұмысшы автожуу иесімен еңбек келісімшартын жасасқандықтан жәбірленушіге келтірілген материалдық залал жеке кәсіпкерден өндірілуі тиіс деп шешім қабылдады, - делінген ақпаратта.

Бұл шешіммен келіспеген кәсіпкер апелляциялық шағым түсірді. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавл тұрғыны көшедегі шұңқырға көлігін зақымдап, шығынды сот арқылы өндіргені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар