Өскеменде Конституция күніне орай бірнеше халықаралық фестиваль өтеді

30 тамызда өскемендіктер мен қала қонақтары тамаша мәдени бағдарламаның куәсі болады. Салтанатты рәсімдерден бөлек, мемлекеттік мереке құрметіне облыс орталығында халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтеді: VI Дүниежүзілік бұғы шаруашылығымен айналысушылар конгресі, V халықаралық бал фестивалі, сондай-ақ халықаралық туыстас қалалар фестивалі.
Аталмыш шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен өкілдер, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Жаңа Зеландия, Армения, Грузия және т.б. елдерден қонақтар қатысады. Бал фестивалі және бұғы шаруашылығы конгресі аясында қаланың орталық алаңында сатылым жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, сондай-ақ дөңгелек үстел, «Жасыл экономика - Қазақстан дамуының жаңа бағыты» атты форум, облытық Этнопаркте бал шаруашылығы мен бұғышылардың бірлескен пленарлық мәжілісі өтеді. Туыстас қалалар фестивалі (Өскемен, Барнауыл, РФ - Чугучак, ҚХР - Бурса, Түркия) барысында шара қатысушыларының ШҚО және облыс орталығы басшылығымен кездесуі өтпек және Республика алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты күн жастардың би кешімен, мерекелік отшашумен аяқталады, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.