Өскеменде қойма өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Өскемендегі қоймалардың бірінде престелмеген макулатура өртенді. Өрт жалынын басу үшін өрт сөндірушілер 2 сағаттан артық тер төкті.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Қойма ішінде шамамен 15 тонна престелмеген макулатура жанып кетті. Шарпыған от шатырға дейін жеткен. Өрттің жалпы аумағы1200 шаршы метрді құрады. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, 2 сағатта толық сөндірді. Сөндіру барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Сөндіру жұмыстарына қаланың сегіз өрт бөлімінің және арнайы жасақ қызметкерлері атсалысты. Жалпы саны 63 адам және 15 техника жұмылдырылды. Қазір өрт зертханасының мамандары өрттің себептерін анықтауда. Әзірге үш нұсқа бар: отты абайсыз қолдану, қасақана өртеу және электр жабдықтарын монтаждау және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Соңғы жаңалықтар